Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби біліктілігі – заман талабы Аубакирова А.С.docx
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби біліктілігі – заман талабы
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді дана халқымыз. Қазіргі таңда мектептегі білім мен тәрбие беру негізі бастауыш сыныптардан басталады. Білім нәрімен сусындататын, басты жолын қалаушы-бастауыш сынып мұғалімі. Бастауыш сынып мұғалімі – пән оқытушы ғана емес,ол-анасы, қамқоршы, қолдаушы, ол – бағбан, баланың болашағына бағыт беруші, нұсқаушы, бала бойындағы қабілетінің көзін ашушы, қорғанышы деуге болады. Барлық білімнің негізі бастауышта қаланатын болса, баланың негізіне білім беріп қалудың маңызы зор. Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу, оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Бастауыш сынып оқушыларының тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәрбие таным мәселесінде қиылысады. Танымдық іс-әрекет оқушының білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Заманауи жаңа технология ретінде ең озық әдістерді ретімен, уақытылы кезінде игеріп, жаңашылдықта іздену арқылы бала бойындағы жақсы қасиеттерін дарыту, одан нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. Бүгінгі жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, іздемпаздығы,дүниетанымының қалыптасуына, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Бүгінгі ұстазға түрлі кедергілерге қaрaмaстaн мұғaлiмдepiмiзгe жaңaшa дeңгeйдe өзгepу қaжeттiлiгi туындaп отыp.
« Өйткeнi әp уaқыттың өз мұғaлiмi болaды. Әp кeзeң өзiндiк тaлaптapын қояды. Үлкeн iздeнiстeн идeaл мұғaлiм пaйдa болaды. Cолaйшa қоғaм қaтaң тиicтi қacиeттepдi мeңгepгeн мұғaлiмдepдi тaңдaйды» Оcындaй зaмaн тaлaбынa caй болашақтың мұғaлiмі aтaну үшiн дeңгeйлiк оқыту бaғдapлaмacын оқып мeңгepу қaжeт дeп caнaймын.Болашақтың мұғалімі,ол ертеңгі елдің болашағы, сондықтан сыни тұрғыдан ойлай білетін, еркін сөйлей алатын, ынталы, өз-өзіне сенімді,өз пәнін жетік білетін,өз пәнін шексіз сүйетін, жеке тұлғаны қалай оқыту керектігін білетін маман болуы тиіс.
Бастауыш сынып мұғалімі: Аубакирова А.С