"АҚПАРАТТЫҚ СМАРТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ БЕРЕТІН МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ" 23.11.2023ж
Акдаулетова Кымбат Хабибулловна
БҚО, Орал қаласы, Д. Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану бұрыннан келе жатқан үдеріс, педагогикалық білім мен тәжірибеде жан жақты қарастырылып келеді. Алайда, ақпараттық смарт технологияларды жеке тұлғаны тәрбиелеу жолында пайдалану, білім беру саласына қарағанда әлі де зерттеудің өзекті тақырыбына айнала қойған жоқ. «Smart» сөзін ағылшын тілінен аударатын болсақ ақылды деген мағынаны білдіреді. Технологиялық тұрғыда қарастыратын болсақ та осы мағынада түсінік береді. Яғни, ақылды технология, ақылды техника, пайдалануға ыңғайлы, мейлінше ықшам, көп функциялы кұрылғыларды атаймыз. Ал, педагогикалық үдеріс тұрғысынан қарастыратын болсақ, окытудың бұл түрі электронды оқыту, мобильді оқыту, кез келген жерде, кез келген ортада оқыту деген мағыны білдіреді. Қазіргі заманда әлемде жүйелі түрде болып жатқан сан алуан өзгерістер тұрақты үрдіс. Әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірге қатысты ақпараттық-коммуникациялық өнімдер мен қызметтердің рөлі жыл сайын артуда. Ақпараттық жүйелер және технологиялар адам қызметінің барлық салаларында инновациялық даму мақсатында серпінді қалыптасуда. Қазіргі уақытта ақпараттық қоғамның қазіргі деңгейі келесі жаңа деңгей «Смарт қоғам» деңгейіне көшу процессінде. Смарт-қоғамда оқытудың деңгейі Е-learning-тен өтіп smart-білім беру деңгейіне көшуде. Смарт білім беруде білім беру мекемелері тұлғаға тек білім беріп қана қоймай, білім алушылардың өз бетінше білім алуына, тәрбиеге қатысты тәжірибе жасауына жағдай туғызады. [1, б. 1] Білім мен тәрбиені ақпараттандырудың негізгі мақсаты тәрбиеленушілерді ақпараттық тұрмыстық, қоғамдық, және кәсіби салалардың іс¬ әрекетіне толық, тиімді араластыру. Тәрбиеленушінің ақпараттық құзіреттіліктерін дамыту. Ақпараттық құзіреттілік – жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін жан жақты пайдалана білу қабілеті. Оқытушының мақсаты оқушыларға дайын материалмен қамтамасыз ету емес, оның негізгі функциясы ақпараттық және компьютерлік технологиялар мен әлемдік ақпарат ресурстарына бағыт¬ бағдар беріп отыру. Smart білім білім алушылардың жаңа білімді меңгеру барысында ақпараттық-компьютерлік технологияларды тиімді пайдала отырып, апараттарды іздеу, сұрыптау, өңдеу, талдау қабілеттерін дамытады.
Тәрбие саласында ақпараттық технологияларды пайдалану үшін алдымен білім беру саласында бар цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін қарастыра отырып, олардың жалпы ауқымын анықтап, одан кейін балалар мен жасөспірімдер үшін маңызы бар жеке технологияларды таңдап қолданған жөн. Яғни, бұл тұста жасөспірімдер мен балалардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарына және баланың жеке басының дамуы тұрғысынан оның қажеттіліктеріне де мән беруіміз маңызды.
Ақпараттық смарт технологияларды тәрбие саласында қолдану жеке тұлғаға:

Қажетті ақпаратқа жедел қол жеткізу мүмкіндігін; Маңызды ересектермен және жолдастарымен байланыста болу мүмкіндігін; Кез келген жаста өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігін; Егер бірлескен әлеуметтік маңызды іс шараларға желіден тыс қатысу мүмкіндігі болмаған жағдайда онлайн қатысу мүмкіндігін береді.
Қажетті ақпаратқа қол жеткізуде тәрбиелеуші мен тәрбиеленушінің белсенді әрекеттесу процесінде тақырыптардың алуан түрлілігі олардың дүниетанымын, адамгершілігін қалыптастыра отырып, әлеуметтік бейімделуіне септігін тигізеді. Тұлға өзіне, жақындарына қатысты және адамдардың арасындағы қарым-қатынасқа қатысты күрделі өмірлік сұрақтарға жауап алуға ұмтылады. Бұл кезекте тәрбиешінің тек жеке пайымдауымен, ойымен ғана шектеліп қана қоймай, мәдениеттің басқа да түрлеріне жүгінуге болады. Оларға кітаптар, фильмдер, спектакльдер, суретшілердің, жазушылардың ойлары, т.б. жатады. Ақпараттық технологиялардың дамуының арқасында әртүрлі өнер туындыларына қол жеткізу де әлдеқайда жеңілдей түсті. Кез келген уақытта тәрбиеге қатысты қажетті кино фильмге және кітапқа қол жеткізу мүмкіндігі туды. Сандық технологиялардың ең маңызды тұсы қарым қатынас жасау мүмкіндігінде. Яғни, керек кезде тәрбиеленуші тұлғаны қажетті адаммен қай жерде болса да байланыстыра алады (алайда интернет желісі қол жетімді болса). Сандық құралдар әдетте электронды байланыстың екі түрін ұсынады - нақты уақыттағы байланыс және кешіктірілген байланыс. Нақты уақыттағы байланысқа телефон арқылы қоңырау шалу немесе видеоконференцияларға қосылса, кешіктірілген байланыс жасауда тәрбиеші мен тәрбиеленуші бір бірімен видео хабарлама, мәтін хат, аудио хабарлама арқылы да қарым қатынас жасай алады. Тәрбиеленуші өзіне ыңғайлы уақытта таңдап, кері байланыс беру мүмкіндігі болады. Ақпараттық – коммуникативтік технология құралдары тұлғаға жаңа ақпарат көздеріне жол ашады, жеке жұмыс пен білім алудың нәтижелілігін, тиімділігін көтереді, кәсіби дағдыларды қабылдау және бекіту үшін мүмкіндіктер береді, қашықтықтан оқытудың жаңа формалары мен әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндіктер ұсынады.
Іс әрекет түрлерінің виртуалды оратаға көшуі балалар мен жасөспірімдердің өзін өзі дамытуы мен жүзеге асыруы үшін қосымша мүмкіндіктер берді. Шынында да виртуалды ортада қандайда болмасын қызметті жүзеге асыру кезінде оған қатысушының жасы маңызды емес, бұл жанама дәлелдермен де, тексеру нәтижесінде де анықталуы мүмкін. [2, б. 117] Осылайша, жасөспірімдер ересек адамның функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады, бұл тұлғаның жеке басын дамыту үшін маңызды. Мұндай процесстердің мысалы жауапкершілігі жоғары оқушының сыныптастарының атынан жекелеген жобаларды іске асыру кезінде потенциялы бар әлеуметтік серіктестермен хабар алмасу. Көбінесе балалар мен жасөспірімдердің ересектер ұйымдастыратын әлеуметтік маңызы бар іс-шаралардың белгілі бір түрлеріне қатысу мүмкіндігі бірқатар себептерге байланысты бола бермейді. Осындай себептердің қатарына ересектердің жоғары алаңдаушылық танытуы, балаларын мұндай іс-шараларға қатысуға дайын емес деп санаулары болып табылады. Мұндай жағдайларда цифрлық технологиялар балаға физикалық тұрғыда тұрғылықты жерінде қала отырып, қашықтан әлеуметтік маңызды іс-шараларға қатысуға мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндіктерге мектеп пен сыныптың әлеуметтік желілерін басқару, мазмұнмен жұмыс істеу - бейне эскиздерді өңдеу, фото және бейне мұрағаттармен жұмыс істеу жатады. Осындай форматтардың арқасында сыныптастарымен бірге нақты кеңістікте жүзеге асырылатын әлеуметтік маңызы бар іс-әрекеттерге физикалық түрде қатыса алмайтын бала оған онлайн қатыса алады және оны жүзеге асыратын құрдастар тобына белсенділік танытып, жоғары деңгейдегі тұлғаны сезіне алады.
Сонымен қатар ақпараттық смарт технологияларды тәрбие беру саласында дұрыс пайдаланудың да маңызы зор. Бұл үшін тәрбиелеуші де тәрбиеленуші де цифрлық сауаттылықтары жоғары болу қажет. Цифрлық сауаттылық – цифрлық технологияларды және интернет ресурстарын қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін қажетті білім мен дағдылардың жиынтығы болып табылады. Яғни, тәрбие беруші тұлға бұл тұста тәрбиеленушіге тек қажетті ақпарат көздерін дұрыс тауып, оны пайдалану тұстарын нақтылап түсіндіріп отыруы тиіс. Ақпараттық технологиялар білім алушылардың білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, саналы тәрбие мен сапалы білім алуы үшін жағдай жасайды. [3, б.1]