[ТБишеева Бибигуль Кулбаевна
ACTION RESEARCH ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жер бетіндегі жетістіктің бәрі –
дұрыс өмір салтының жемісі.
Дэвид Старр Джордан
Заман үрдісіне сай жан-жақты, функционалды сауатты, меңгерген білімін тәжірибе мен өмірде қолдана алатын жас ұрпақ тәрбиелеу мұғалімнің кәсіби құзыреттілігіне байланысты. Қазіргіжылдам дамып бара жатқан заманда, мұғалімдерге жаңаша, күрделі талаптар қойылуда. Мұғалімнің біліктілік деңгейі де, ішкі жан дүниесі де жетілген, жан-жақты болуы керек, Себебі біз алдымызда отырған оқушыларды рухани жан-дүниесі бай, білімді, тәрбиелі, жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде қалыптастыруымыз керек. Бізден кейінгі ұрпақты біліммен сусындату, өз алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда қолдана білетіндей дәрежеге жеткізуіміз керек. Уақыттан қалыс қалмау үшін мұғалім әркез өз деңгейін жан-жақты жетілдіріп отыру керек. Әлем мұғалімдері қолданатын зерттеу жұмыстарын біз де тәжірибеде қолданып, оқушыларды әлемдік үдеріспен дамыта түсу керекпіз.
Зерттеу - өзгерудің алғашқы сатысы
Action Research зерттеуін Lesson Study зерттеу тәсілінің бәр түрі деп қарастыруға болаы. Бұл іс әрекеттегі зерттеу түрлерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің топпен жүзеге асырылатын ерекше үлгідегі педагогикалық тәсіл. Зертелетін үш сабақ арқылы Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді. (Пит Дадли, 2012 .Lesson Study: нұсқаулық).
Action Research зерттеуі дегеніміз не? Басқа зерттеу жұмыстарынан айырмашылығы қандай? Оның оқытушылар үшін қандай пайдасы бар? Осы сұрақтар жауап берейік. Курт Левиннің (1946) атымен байланысты ғылым саласына «Action Research» деген санаттың енгізілген. Бұл терминді пайдалана отырып еңбек шығарған бірінші адам Курт Левиннің (1946) болса да, ол бұл идеямен ертеректе 1913 жылы Вена қаласында басылып шыққан жұмыс арқылы Германияда танысқан деп айтылады (Altrichter H. & Gstettner P.,1992). Зерттеу жұмысы мұғалімге күнделікті оқу үдерісінде кездесіп жүрген проблеманы анықтап, оны шешу бағытында бірнеше (мақсатқа жеткенге дейінгі) айналымдық әрекет жасауға мүмкіншілік береді. Дәлірек айтсақ, бұл жоба практика мен теорияны ұштастыратын жоба.
Action Research зерттеуінің кезеңдері
Зерттеу оқыту мен оқу тәжірибесін анағұрлым жетілдіру мақсатында практиктің жеке жағдайында орындалады және соған бағытталған әрекеттерге негізделеді. Төмендегі суретте айналымның қалай орындалатыны көрсетілген: Action Research зерттеудің айналымы:
Сыныптағы сабақ үрдісі бойынша проблеманы анықтап, тақырып таңдалғаннан кейін, іс-әрекет жоспарлау, әрекет, бақылау және бағалау кезеңдерімен кезектесіп жүзеге асады. Кейбір жағдайларда бағалаудан зерттеу жалғасын табу керек екенін көруге болады. Зерттеу жұмысы қайта жоспарланып, екінші айналым жүргізіледі. Зерттеу жұмысы бірнеше циклдан тұруы мүмкін. Және де бір зерттеуге бір ғана емес екі немесе одан да көп мұғалім қатысуы мүмкін. Зерттеу жұмысы мектеп ішінде, бірнеше мектептер мұғалімдері ұжымында жүргізілуі мүмкін. Яғни, олардың идеялары тұтасқан жағдайда бірлеседі. Action Research зерттеуінің бірінші, негізгі кезеңі тақырып таңдау. Тақырып қандай болуы керек? Таңдалған тақырып оқыту процесіне оң әсерін беретіндей болу керек. Ол тақырып мұғалімнің проблемасына мейлінше жақын боуы керек, яғни алынған мәселе сізді көп ойландырады, немесе оны шешу үшін сіздің кейбір ұсыныстарыңыз бар болуы керек. Қазіргі кезде оқу әдістемесіне көп көңіл бөлінеді де, пән бойынша оқытушы деңгейін көтеру екінші орында қалып отыр. Айналымның екінші кезеңі іс-әрекет жасау. Осы жерде айтып өтетін жағдай, Action Research(AR) алғашында қазақша іс-әрекетті зерттеу деп, орысшада «Исследование в действии» деп аударылды. Зерделей келе, дәл аударма болмағандықтан, ағылшын тілінде өзгертілмей қалдырылды. Менің жоспарымда сауалнама алу арқылы математика пәні мұғалімдерінің қандай тақырыпқа қосымша курстар алғысы келетінін анықтап, сол тақырыптар бойынша әріптестеріммен бірге видеосабақтар, әдістемелік құралдар, есептер жинағын ұйымдастыру тұрды. Жұмыс жүйесі нақтылау үшін әріптестеріммен ой бөлісіп, сауалнамалар алдым. Алғашқы сауалнаманың мақсатын төмендегі сұрақтардан көруге болады:
Алғаш іс-әрекеттегі зерттеу (AR) туралы қашан естідіңіз?
Өзіңіздің пәніңіз бойынша толық игерілмеген тақырыптар бар деп ойлайсыз ба?
Осы проблема бойынша сіз әріптестеріңізбен бөлісесіз бе? (Ойыңызды ашып жазсаңыз.)
Осы проблеманы қандай жолдармен шешуге болады деп ойлайсыз?
Осы проблема бойынша қандай сұрақ қойылмады деп ойлайсыз?
Іс-әрекеттегі зерттеуі(Action Research) бұл үдеріс - зерттеу мәселесі мен сұрағын негіздеу үдерісі.
Мақсаты:
Іс-әрекеттегі зерттеудің/Action Research мәні, мақсаты және
кезеңдерімен танысу;
Зерттеу мәселесі мен зерттеу сұрағын тұжырымдау
Мұғалім зерттеуші ретінде табылады:
• Зерттеу – жүргізетін адамдар жүйелі түрдегі үйренуші болып табылады.
• Өзінің білім алғандығын, бірдеңе үйренгенін жүйелі түрде тексеріп
отырған жағдайда ғана даму мүмкін болады.
• Өз оқуын зерделеп отыру міндеттемесі және дағдылары.
• Мәселені және теорияны тәжірибеде зерттеудің маңызы.
(Л.Стенхауз 1975ж.
екст ссылки]([Адрес ссылки]([Адрес ссылки]([Адрес ссылки](Адрес ссылки))))