@Сариева-Гаухар Сабақ оқыту үдерісінде қарым – қатынас орнату және белсенді әдістерді қолдана отырып,тапсырмаларды тыңдаушыларға бере отырып, жаңаша шешу жолдарын қарастыру, коллаборативтік орта құру, белсенді әдіс – тәсілдерді қолдану, жеке танымдық ізденушілік қызметін ынталандыру жұмыстары өз дәрежесінде ұйымдастыру. Белсенділіктің 3 деңгейі:
• Қайта жаңғырту белсенділігі — оқушының білімді түсінуге, есте сақтауға, қайта жаңғыртуға тырысуы, яғни, үлгі бойынша пайдалану тәсілдерін меңгеруі
• Интерпретация белсенділігі — оқушының оқытылған материалдың мәнін түсінуге, осы ақпараттардың арасындағы байланысты түсінуге тырысуы, яғни, ақпаратты (білімді) үлгі бойынша емес, өзгертілген жағдайда пайдалану тәсілдерін меңгеруі
• Шығармашылық белсенділік — оқушының мәселені шешу жолдарын өз бетінше іздеуі, яғни, танымдық қызығушылығын көрсете білуі.